• Басты бет
  • Ереже
  • Сатып алу қызметі
  • Байланыс
  • Патологоанатомиялық бөлімшесі

    Қызылорда облысында патологоанатомиялық қызмет тындырымды болды, алғашқы уақытта гистологиялық зертханада Қызылорда қаласының облыстық ауруханасында 1947 жылы зертханашы Житенева Клавдия Иванқызы қызмет атқарды.

    Облыстық ауруханасында бірінші дәрігер патологоанатом Перзадаев Равхат Омарұлы 1967 жыл мен 1968 жылдың аралығында қызмет атқарды, артынша Ресейдегі Ленинград қаласындағы медициналық институтының аспирантурасына түсті, 1971 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1968 ж ылдан бастап Алматы қаласында медициналық институтты бітіріп келіп Жолданбаев Толкынбай дәрігер патологоанатом болып жұмыс атқарды. 30 жыл бойы жоғарғы санатты дәрігер, бөлім меңгеруші болып, 2001 жылдан бастап облыстық медициналық орталығынан болып бөлініп шыққа облыстық патологоанатомия бюросын директоры болып Қызылорда облысының патологоанатомиялық қызметі қарқынды дамуы үшін көп үлесін қосты. 2002 жылы дүние салды.2002 жылдан 2004 жыл аралығында Сатыбалдеев Руслан Хусаинұлы облыстық патологоанатомиялық бюроның директоры болып қызмет атқарды. 2004 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасына басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    2004 жылдан бастап 2008 жылға дейін Ыдырысов Айбек Сейтқасымұлы облыстық патологоанатомиялық бюроны басқарды. 2008 жылы дүние салды.

    2008 жылдан 2012 жылға дейін Кан Владислав Валерьевич облыстық патологоанатомиялық бюроның директоры болып қызмет атқарды.2010 жылдан бастап облыстық патологоанатомия бюросы қайта ұйымдастырылып Қызылорда облысының медициналық орталығының құрамына бөлімшесі ретінде қосылды, бөлім меңгерушісі ретінде Кан Владислав Валерьевич қалды.

    2013 жылдан 2016 жылға дейін патологоанатомиялық бөлімшенің меңгерушісі болып Күздыбаев Ербол Әбдіжәмілұлы қызмет атқарды.

    2016 жылдан бастап облыстық патологоанатомия бюросы облыстық медициналық орталығынан бөлініп шықты, бас дәрігер болып Жолмурзаев Батырбай Турсынбекович тағайындалды.

    Патологоанатомиялық бюроның негізгі мақсаттары:

    - халыққа медициналық көмек көрсету мақсатында, гистологиялық әдістермен әсіресе қатерлі ауруларға жалдыққа кезде дерт анықтаманы нақтылау, Қызылорда облысының барлық қалалық және аудандық медицина ұйымдарынан жолданған биопсиялық және операциядан кейінгі материалдарға гистологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу;

    - өлімнің себебін анықтау үшін патологоанатомиялық сараптама жүргізу;

    - медициналық санағына қажетті тиянақты мәлеметпен қамсыздандыру;

    - дәрігерлер мен зертханашылардың біліктілігін көтеру.

    - аудандардағы жергілікті патологоанатомдарға мамандарылған кенес көмегін көрсету.